Ақтауда мысықтың басына секіріп, аяусыз қорлық көрсеткен қатыгез түрмеге тоғытылды

3596
Adyrna.kz Telegram
Ақтауда мысықтың басын аяғымен жаншып, жануарға асқан қатыгездік көрсеткен азамат сотталды. 2022 жылғы 23 желтоқсанда сот бұл жағдайға қатысты қылмыстық істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz" порталына сілтеме көрсете отырып. 

Сотталушы О. 2022 жылғы 4 қазанында сағат 22:00 шамасында мысықтың үстіне қасақана секіріп, жануарды жарақаттады. Кейін оны жақын маңдағы саябаққа лақтырды.

23 желтоқсанда Ақтау соты ҚК-нің 5-тармағының 316-бабы 3-бөлігі жануарға қатыгездік көрсетіп, оның мертіктірген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Прокурор сотталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Ал сотталушы О., кінәсін толық мойындады және бас бостандығынан айырмауды өтінді.

О. сот үкімімен ҚК-нің 316-бабының 5-тармағының 3-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енбеген, - деп жазылған хабарламада.

Сотталушының барлық кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнекамераға жазылған видеомен, ветеринар маманның сараптамасымен дәлелдеген.

Сот қызметі сотталушының кінәсін мойындап, оның шын жүректен өкінгенін ескеріп, жазаны жеңілдеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер