“Мамандығын ауыстырып беремін”: Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, 550 мың теңгесінен айырылды

3549
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, екі жылдан бергі танысы Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде оқитын туған сіңлісінің мамандығын басқа факультетке ауыстырып беретінінін айтқан. Ақырында әбден сеніміне кіріп, сіңілісінің мамандығын ауыстыру үшін алаяқтық жолмен 550 000 (бес жүз елу мың) теңге алған.  Кейіннен жалтарып, арыз иесінің қаржысын қайтармаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Жасы – 41-де, жұмыссыз.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барған. Және өз кінәсін толықтай мойындап, бұл үшін өкінетінін жеткізді.
Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер