"Алаңдаймыз": Талибан билігі қыздардың оқуға түсуіне тыйым салды

2848
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысы қыздардың университетке түсуіне тыйым салды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Үкіметтің (Талибан) шешіміне сәйкес қыздарға келесі бұйрыққа дейін жоғары білім беруге тыйым салынады", - делінген жоғары білім министрлігінің Жарлығында.

Ендігәрі Ауғанстан билігі мемлекеттік және жеке университеттерде қыз балаларды оқытпаймыз деп шешім қабылдап, бұйрыққа сәйкес оны мүмкіндігінше тезірек қолдану және қабылданған шаралар туралы министрлікке хабарлау қажет екендігі атап өтілген.

Бұл шешімге халықаралық деңгейде дереу жауап берілді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл шешімді  "өте алаңдатарлық қадам" деп танып, тәліптер"уәдеңі бұзды" деп айыптады.

«Әйелдердің белсенді қатысуынсыз және олардың білімінсіз елдің қалай дамып, түйткілді мәселелерді шеше алатынын елестету қиын», - деді ұйым басшысы.

Естеріңізге сала кетейік,Талибан қозғалысы 2021 жылдың тамызында билікке келгеннен кейін әйелдерге толық орта білім алуға тыйым салды (тек алтыншы сыныпқа дейін бастауыш білім алуға рұқсат етілді), сонымен қатар олар көшеде және қоғамдық орындарда паранджа киюге міндеттелді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер