"Қарапайым халыққа 200 мың, биліктегілерге басқа баға": Назарбаевға ода арнаған Балтабек қанша сұрайды?

9696
Adyrna.kz Telegram

Назарбаев пен Тоқаевқа өлең арнаудан жалықпайтын аты шулы ақын Балтабек әр шығарған өлеңіне қанша сұрайтынын жария етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Маған арнап өлең шығарасың ба?" деп жекеме хабарласушылар өте көп. Бірден айтайын, 5 шумақ өлең бағасы 200000 тг. Бұл тек қарапайым халық үшін ғана. Биліктегілерге басқа баға. Жаңа жылдан бастап баға өзгереді. 5 шумақ 1000000 тг болады. Еліміз аман болсын! Бір нәрсені айтуды ұмытып барады екенмін. Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады. Бірақ ақша төлейтін кезде, бүріспей-тырыспай, шын көңілмен берген абзал. Себебі басқалай жағдайда кері әсері болуы мүмкін. Солай", - деп жазды Балтабек ақын өзінің фейсбук парақшасында. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер