Ақтөбеде қораптың ішінен нәрестенің мәйіті табылды

4496
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
Ақтөбе қаласында қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Сол жерде жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.
“Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Ананың жаңа туған баланы өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр”,- делінген хабарламада.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер