Жаман ұлт деген ұғым жоқ– Димаш Құдайберген

2784
Adyrna.kz Telegram

Жаман ұлт деген ұғым жоқ! Бұл пікірді әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген елордадағы Орталық Азия медиафорумында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Адамзат бұл өмірде емтиханнан өтіп жатқанын ұмытып, пенделік тірліктен, кеудемсоқ өркөкіректіктен арыла алмай келеді. Шексіз амбициясымен соғыс бастап жүрген, өздерін ұлы санайтын кейбір держава басшылары басқа мемлекеттің ішкі тірлігіне араласып, оның қалай өмір сүруін неге шешуі керек? Олар құдай емес қой. Мен өнер саласында қызмет етіп жүргендіктен, әлемнің көптеген елінде болдым, түрлі халықтардың мәдениетімен танысып жүрмін. Осы уақыт аралығында түсінгенім – халықтың жаманы жоқ, жаман ұлт деген ұғым жоқ. Тек сол уақыттың еншісіне көз жүгіртсек, осы күнге дейін сол халықтың ойын бұрмалап, өзінің арам пиғылын жүзеге асырып жүрген мемлекет басшылары ғана бар. Бұл шындық», - деді Д. Құдайберген.

 

Пікірлер