Алматы қалалық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты вайнерлердің ісі бойынша сот отырысы қашан өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Алғашқы сот отырысы Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді»,- делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылғы 10 ақпанында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейінгі рет 21 қарашада тағы бір айға, 19 желтоқсанға дейін қамауда ұсталатыны хабарланған еді.