Даңқы тұтас КСРО-ны дүбірлеткен қазақ боксшысы өмірден өтті

5024
Adyrna.kz Telegram

Кеңес Одағы ыдырап жатқан алағай-бұлағай шақта қазақ атын асқақтатып, байрағымызды биікте желбіреткен және тәуелсіз мемлекет ұландарының спортпен шұғылдануына жол ашып берген қазақтың қадірлі ұлы, даңқты спортшы Болат Теміров өмірден озды. Өкінішке қарай, Қазақ үшін қаралы хабарлы "Адырна" ұлттық порталы көпшілікке естіртеді. 

Атақты кеңес және қазақ боксшысы, КСРО чемпионы жәнк Қазақ КСР, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров 53 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Даңқы спорт саңлағының қазасын ауыр қабылдаған журналист Жеңіс Кенжесұлы:

"Қош бол, Болат! Қазан қаласы. 1991 жыл. Қыс. Қаңтар-ақпан айлары. КСРО-ның бокстен 57-ші соңғы чемпионатында таныстық. Шаршы алаңдағы әр кездесуіңді тамашалап, талантты, талапты боксшылық өнеріңе, жеңісіңе тәнті болдық.
Мойыныңа алтын медаль ілгенде залға жиналған исі қазақ ду көтеріліп, рухы бір асқақтағанды. Кейін де сол биіктен түспедің. Қазақ елінің, туған топырағыңның алтын азаматы бола білдің. Өзіңмен елің әрқашан мақтанатын. Әлі де мақтанады. Қаралы хабарды естіп қабырғамыз қайысты.
Бақұл бол, асыл азамат!" - деп жазды.

Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиаданың және Әлем Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы болды.  Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны қызметін абыроймен атқарды. Бокс мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен табысты айналысты, ҚҚБ Бас хатшысы лауазымында жұмыс істеді, Атырау облысының Құрметті азаматы болды.

"Адырна" ұлттық порталы қазақ үшін туған арда перзенттің барлық туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

"Адырна" ұлттық портылы

Пікірлер