"Депутаттар тек заң шығарып отыра бере ме?": Саясаттанушы Айдос Сарыммен сөзге келіп қалды (ВИДЕО)

10821
Adyrna.kz Telegram

Хабар телеарнасының "Біздің мақсат" ток-шоуында Саясаттанушы Талғат Жанысбай пен Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сөзге келіп қалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Анау шалғай ауылдарға, қаладан шетке барыңызшы! 250 мың теңге кредитін төлей алмай, пәтер жалдап жүргендерге... Парламенттегі халық өкілдерін, сол депутаттарды халық сайлады ғой. Парламент тек заң шығарып, басқасы ар жақта "не болса, о болсын" деген сөз емес қой. Проблема шешу керек. Халықтың арасына бару керек", - деді Талғат Жанысбай Айдос Сарымға.

Мәжіліс депутаты саясаттанушының бұл пікіріне үзілді-кесілді қарсылық танытып, Парламенттің негізгі функциясы мүлде басқа екенін жеткізді.

"Проблеманы әкімдік шешеді. Егер әкімдік мәселе шешпесе, біз сол кезде араласамыз. Біреуі заң шығарады, біреуі трубаны жөндейді", - деп шорт кесті ол.  

Талғат Жанысбай депутаттың берген жауабына қанағаттанбай, бүй деді:

"Сіздер сол әкімдікке, үкіметке сұрау саласыздар. Сонда 107 депутаттың бәрі тек заң шығарып отыра ма? Халық қалаулысыздар! Сіздерге үміт арттық. Заң шығару үшін сайлаған жоқ. Біздің жағдайымызды жасасын деп сайлады. 

Айдос Сарым депутаттардың бар функциясы заң шығаруда екенін тағы баса айтты.

"Иә. Сол ғана функциямыз. Халық заң шығару үшін сайлады. Кешіріңіз, егер ондай болса аудан әкімі заң шығарсын да, ал біз онда труба жөндейік", - деді Мәжіліс депутаты.

Пікірлер