Пайдаланушының сақтандыру тарихы енді Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді

3272
Adyrna.kz Telegram

Енді өзіңіздің сақтандыру туралы ақпараттыңызды Halyk Homebank мобильді қосымшасынан оңай және тез алуға болады.

«Сақтандыру шарттары бойынша мәліметтер» жаңа қызметі көлік құралына қолданыстағы полистер туралы ақпаратқа, сондай-ақ клиенттің сақтандыру шарттары бойынша есептерге қол жеткізуді ұсынады. Сервисті «Мемлекеттік қызметтер» - «Анықтамалар» бөлімінде пайдалануға болады. Жоба «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың қолдауымен әзірленіп, енгізілді.

Көлік құралына сақтандыру полисі туралы ақпарат автокөлікті сақтандырудың жарамдылық мерзімін бақылау үшін қажет, сонымен қатар жол полициясы қызметкерлеріне ұсыну қажет болуы мүмкін.

Сақтандыру есебі «Өмірді сақтандыру», «Туристі міндетті сақтандыру», «Жазатайым оқиғалардан сақтандыру», сондай-ақ сақтандыру жағдайларының тарихы бойынша мәліметтерді қоса алғанда, қолданыстағы және мерзімі өткен сақтандыру шарттары бойынша толық ақпарат алуға көмектеседі.

«Қазақстандықтарды сақтандыру және кредит беру жөнінде тегін есептерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың стратегиялық міндеті болып табылады. Осылайша, біз ел халқының қаржылық сауаттылығын дамытуға үлес қосуға, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы тұруға тырысамыз. Бүгінгі таңда танымал Halyk Homebank мобильді қосымшасында біздің сервистер банк клиенттері үшін қолжетімді болды. Halyk командасына қолдауы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреміз», - деп «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Баширов атап өтті.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тағы серіктестермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, біз бұл жобаны банк нарығында бірінші болып іске асырдық. Бұл Halyk Homebank қосымшасының клиенттеріне сақтандыру шарттары мен сақтандыру жағдайларының тарихы туралы барлық қажетті және пайдалы ақпаратты иеленуге мүмкіндік береді. Біз жай банктен артықпыз және цифрлық экожүйемізді жоспарлы түрде дамытуды жалғастыра отырып, клиенттеріміздің игілігі үшін отандық мемлекеттік қызметтер мен қаржылық қызметтердің барлық әлеуетін барынша пайдалануға тырысамыз», - деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер