Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға зейнетақы қорында шот ашылады

3351
Adyrna.kz Telegram
Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға зейнетақы қорыннан арнайы жинақ шоты ашылатын болады. Мұндай жаңалықты 14 желтоқсан күнгі үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Вице-министр Қазақстан балалары үшін мұндай игілік 2024 жылдан бастап жүзеге асатынын хабарлады. "Балаларға арналған ұлттық қордың" өзіндік ережелері бар.

Министр орынбасарының айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріліп, жұмсауға жарамды.

Бұған қатысты заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.

12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне Ұлттық қордан түсетін трансферттерге созылмалы тәуелділіктен арылуды тапсырды.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға дейін өсуі керек. Сондықтан, одан аз жұмсап, көп табыс тапқан тиімді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер