11 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында төрт адам өз өмірін қиды. Қайғылы қаза қалың қазақтың қабырғасын қайыстырды. Өмірмен қош айтысқан азаматтардың бойында асфиксия [тұншығу] белгілері байқалған. Өкінішке қарай, аса ауыр қайғылы хабарды "Адырна" ұлттық порталы естіртеді.
Полицияның мәліметінше, тергеу барысында 38 жастағы ер адам, сегіз жас, төрт жас және он айлық үш бала асылып өлгені анықталды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұм әкенің әйеліне жолданған хаты табылғанын айтты. Хатта ер адам о дүниеге балаларын
Эпидемиологическая ситуация в Акмолинской области за 8 месяцев текущего года относительно стабильная
да өзімен бірге ала кетуге бел буғанын жазған.
Новости по теме

"Бұл жағдайға отбасындағы жанжал себеп болған, ол әйелімен ажырасқалы жатқан. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болған", – делінген Полиция департаменті таратқан ақпартта.Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп тексерудің назарға алынғанын хабарлады. Барша Қазақ елінің азаматтарын сабыр тілеп, жақындарыңызға жанашыр болуға, бір-бірлеріңізге сыйластық көрсетуге шақырамыз!
"Адырна" ұлттық порталы