Қызылжарда тағы құбыр жарылып, бірнеше мөлтек аудан сусыз қалды

3128
Adyrna.kz Telegram
Қызылжар қаласында 12 желтоқсанға қараған түні тағы құбыл жарылды. Келеңсіз техникалық апаттан кейін бірнеше мөлдек аудан тұрғындары судан қағылды. Олар әлі сусыз отыр. Бұл жайт жайлы "Адырна" ұлттық порталы баяндайды.

Қалаға кіреберістегі сынған құбыр әлі жөнделген жоқ. Бұл туралы 24.kz жазды.

Сол түні 6 аула мен сауда қоймасын су басқан. Үйлер қалаға кіре берісте көпірге жақын орналасқан. Сантехника жоғарыда болғандықтан, құбыр жарылған кезде су төмен қарай аққан.

"Zakon.kz"-тің хабарлауынша, Зардап шеккен аумақтардың тұрғындары таңғы сағат 4:00 шамасында суға батқан иттерін құтқаруға асығады. Қазір сыртқа резеңке етіксіз шығуға болмайды дейді олар. Жертөлелерде сақталған тұздалған қияр мен картоп та суға батып, бөгіп кеткен көрінеді

Қараша айынан бері қаладағы су құбырында осымен үшінші апат тіркелді. Құбырдың барлығы салыстырмалы түрде жаңа. Мысалы, ақау болған жердегі құбыр 2009 жылы ауыстырылды, бұл өте аз уақыт болып саналады.

Қызылжарда бұдан бұрын 1 желтоқсан күні су құбыры жарылған еді. Соның салдарынан көшелерді су басып, жүздеген тұрғын сусыз қалды. 15 көпқабатты үйдің тұрғындары мен әлеуметтік нысандар зардап шекті. Осыған бола барлық қала бойынша орналасқан құбырлардағы қысымды төмендетуге тура келді.

6 қарашада толастамай жауған қар салдарынан  тағы су құбыры бұзылды. Салдарына 14 үйдегі су уақытша өшіріліп, су қысымы азайтылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер