Өлең мен өнер сайысы

2492
Adyrna.kz Telegram

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен, ASSYLTAS қоғамдық қорының демеушілігімен 13 желтоқсан күні жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қазақ халқының ұлттық өнері - айтыс өнерін ұлықтау, жас таланттардың жұлдызын жағу мақсатында “Мен жастарға сенемін” тақырыбында биыл алтыншы мәрте республикалық ақындар айтысы өткізіледі.

Биылғы өлең және өнер додасында еліміздің барлық өңірлеріндегі желілік Абай мектептерінен, оның ішінде 8 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалаларынан 20 жас ақын бақ сынамақшы.
Жүйріктердің ішінен жорта шыққан тұлпарларға демеушілерден қаржылай жүлделер тағайындалған.

Үздік өнер көрсеткендер

1-орын,
2- орын,
3-орын және
Арнайы жүлде, Ынтыландыру сыйлығы,
Алғыс хаттармен марапатталады.

Оқушылардың республикалық айтысы 13 желтоқсан күні сағат 9:00-де басталады.

Өтетін орны: Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты.  Алматы қаласы, Митин көшесі, 6

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер