Жүргізуші көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

3301
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда қала тұрғыны мен полиция көпірден секіргісі келген әйелді құтқарды. Бұл туралы  Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

10 желтоқсан күні сағат 14:10-да 102 пультіне көпірде секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді.

"Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын", – деді ер адам.

Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жалғас Шонов пен полиция капитаны Дулат Арманов тез арада жетті.

"Біз келген кезде ер адам әйелдің қолынан ұстап тұрды. Оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатты", – деді Жалғас Шонов.

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті.

"Құтқарылған адамның жағдайы ауыр болды, тіпті аты мен тегін атай алмады. Бізге оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді", – деп жалғастырды Дулат Арманов.

Оқиға орнына бірінші болып барған жүргізуші полицейлердің әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне көз жеткізіп, абыр-сабыр кезде кетіп қалған.

"Сын сағаттағы батыл әрекеті мен көмегіне алғыс білдіру үшін ержүрек қостанайлықтан хабарласуын сұраймыз", – деді полиция.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер