«Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген»: ХҚКО қызметкерлері мен 4 полицей ұсталды

2423
Adyrna.kz Telegram

Астанада шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері мен полицейлер ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды.

Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған»,—деді ведомство.

Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған.

ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының «Web-модуль» сервистік орталығы» ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автомашиналар туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан. Соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды.

«Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталды. Тергеу жалғасуда»,—деп толықтырды Антикордың баспасөз қызметі.

Пікірлер