"Баланы өмірге әкелу бар да, оған мейірім көрсетіп, дұрыс тәрбие беру бар" - Аида Балаева

3664
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы жайында баяндады. Жиын балалар тақырыбына арналды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.  
- Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бүгінгі отырысы – балалардың қараусыз және панасыз қалуын болдырмау тақырыбына арналды. Баланы өмірге әкелу бар да, оған қажетті қамқорлық пен мейірім көрсетіп, дұрыс тәрбие беру бар. Өкінішке орай, тиісті бақылаусыз қалған балалар мен жасөспірімдерге қатысты мәселе жылдан жылға өзекті болып келеді. Биылдың өзінде дұрыс қадағалаудың жоқтығынан түрлі құқық бұзушылыққа барған 73 мыңнан астам баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылып, беймезгіл түнгі уақытта балаларға есік ашқан 1,5 мыңға жуық ойын-сауық орындарына айыппұл салынған. Әрине,  бірінші кезекте, отбасында ата-ананың жауапкершілігінің мықты болғаны қажет. Десе де, мемлекет тарапынан да бұл мәселе үнемі назарда болады. Осы орайда, тиісті жауапты органдарға тоқсан сайын рейдтік тексеруді күшейтіп, мониторинг жасауды, қажет болса әрбір отбасы бойынша жеке жоспар әзірлеп, бұл мәселемен күрестің жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша бірқатар тапсырма бердім. Бұл сұрақ біздің Ұлттық комиссияның келер жылғы жұмыс жоспарында да үнемі назарда болады. Оның нәтижесін алдағы уақытта кеңінен айтатын боламыз, - деді Аида Балаева.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер