Алматы қаласында қос мектеп қолданысқа берілді

2814
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені бойынша 2025 жылы 800 бала заманауи мектепке білім алуға тиіс. Бүгінгі таңда бұл тапсырманың алғашқы легі Алматы қаласында орындалып басталды, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Алматы қаласы Алатау ауданының «Ботакөз-2» ықшам ауданында және Наурызбай ауданының «Достық» шағын ауданында бір ауысымда әрқайсысы 1500 оқушының білім алуына мүмкіндік беретін №208 және 209 мектеп-гимназиясы ашылды (мектептерде екі ауысым бойынша оқытылады).

Наурызбай ауданында орналасқан №208 мектеп-гимназиясындағы 37 сыныпта 960 адам оқымақ. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі.

№ 209 мектеп (Алатау ауданы) 2851 оқушыға арналған, мұнда 109 сынып бар. Мектепте сабақтар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде білім ошақтарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулетімен, жан-жақты ойластырылған кеңістік дизайнымен, кең сыныптары және қоғамдық кеңістігі  бар эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді.

Мектептердің оқу кабинеттері интерактивті панельмен, SMART тақтамен және заманауи үлгідегі жиһазбен жабдықталған. Спорт залдардың төбесі мен қабырғасы дыбыс өткізбейтін панельмен қапталған, бұл спорттық іс-шара өткізу кезінде өте ыңғайлы, дыбысты оқшаулайды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балаларының мектепке кіріп-шыққанын біліп отырады.

Пікірлер