Алматы қаласына 300 қоғамдық көлік сатып алынады

2588
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына қойған тапсырмаларының ішінде әкімдерге де арнайы тоқталып, қоғамдық көліктің жұмысын тұрақтандыру ісіне баса мән беруді тапсырды, деп жазды «Адырна» тілшісі.

 

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев  Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде  халықтың автобустарға қатысты шағымына жауап берді.

Мектеп те, балабақша да орналасқан Магнитная көшесі бойымен бір ғана №74 автобус жүреді, тағы бір бағыт қосуға бола ма" – деп аудан тұрғындарының бірі әкімге сұрақ қойды.

"Жылжымалы құрамды жаңартып жатырмыз. 300 автобус сатып аламыз. Бұл учаскені интервал бойынша өлшейміз. Қажет болса, маршрутқа автобустар қосамыз", - деді Досаев.

"74-бағыт кесте бойынша жүреді. Тасымалдаушы - "Алматыэлектротранс", 10 жылжымалы құрам қозғалысты толығымен қамтиды. Қозғалыс аралығы 12-15 минут",-деп қосты Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

 

Пікірлер