Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Кино&медиа мамандығының таныстыру кеші өтті

2991
Adyrna.kz Telegram

1 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасында Кино&медиа мамандығында 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "1 дубль" атты таныстыру кеші өтті, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Шараның мақсаты - қанмен келген мерекенің қастерлі екенін ұғындыру әрі кино&медиа мамандығының студенттерінің таныстыруы.

Шараға Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы, кафедра оқытушылары және студенттер белсене қатысты.

Ең алдымен, Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы өз сөзімен шараны ашып берген болатын. Өз сөзінде, кино&медиа мамандығының 2 жылдығымен құттықтап, сол сәтте кино&медиа мамандығының жаңа логотипінің тұсауын кескен еді.

Шара барысында, Елубай Ғайзат, Сейілбек Ханзада, Саябекова Балауса, Болатбеков Бағжан, Исенали Жанна жүрекжарды өлеңдерін оқып тәнті етсе, мың бұралған биші қыздарымыз көрерменнің ыстық лебізіне бөленді.

Сонымен қатар, студенттер Желтоқсанда басын бәйгеге тігіп, алаңға шыққан жастарымызды көріністе ойнап, актёрлық шеберліктерінде көрсете білсе, Болысбек Мадияр қазақтың қара домбырасымен күмбірлете "Адай" күйін шертті.

Шара соңында, аға оқытушы, кураторымыз Н.Б.Рушанова кино&медиа мамандығының 2 жылдығына орай тәтті торт дайындап, кафедра оқытушылары жылы лебіздерін білдіріп, студенттерге сәттілік тілеп шара өз мәресіне жетті.

Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Бақберген Нұрай
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова

Пікірлер