“Екібастұз тұрғындары жылыну үшін далада жүр…”

3351
Adyrna.kz Telegram

Екібастұздағы жағдай әлі тұрақталмаған. Бұл туралы журналист, блогер Оңғар Қабден арнайы репортаж жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бүгін Екібастұздағы апатты жағдайға тура 7 күн толып отыр. Қазір бүкіл қала қарбалас. Қаладағы жағдайға келетін болсақ, ресми мәлімет 11 үйге жылу берілмеген дейді. Бүгін кешке дейін береміз дейді. Бірақ бүкіл қалада жылу бар деп айта алмаймыз. Өйткені, батареялар қатып қалмасын деп қанжылым ғана жылу жіберіп отыр.

Біз қазір Екібастұз қаласы Сәтпаев көшесі 8 үйдің алдында тұрмыз. Бұл қаладағы мәселесі өзекті үйлердің бірі. Үйде жылу жоқ, кейбір үйлерде жарық жоқ. Тұрғындар жылыну үшін далаға шығып жүр. “Далаға шығып, жылынып аламыз” деп өздері қалжындап қояды. Екібастұзда аяз күшейіп келеді. Тез арада мәселені шешпесе, аяз жығылған үстіне жұдырық болады.

Ал адами факторға келсек, облыс, қалалардан сварщик, слесарь келіп жатыр. Алда жылу берілуі мүмкін. Алайда құбырлардың суыққа төзімді, қаншалықты мәселе болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды”, - деді ол.

Пікірлер