Қазақстандықтар алға қадам басуы үшін екі тілді қатар білуі керек - Ресейдің Қазақстандағы елшісі

5079
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия сегодня" агенттігіне Ресей мен Қазақстан арасындағы жағдайды айқындайтын сұхбат берді. Бұл туралы "Студия 7" телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сұхбатында ол Путин мен Тоқаевтың өзара қарым-қатынасы, Қазақстандағы ұлтшылдық тенденциялары және Ұжымдық батыстың Қазақстанға "хаос" тудыруға тырысып жатқаны туралы айтқан.

Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл –орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек. Қазақстан үшін Ресей – ең жақын одақтас, интеграциялық әріптес, ұлы держава», –  деп Ресей елшісі Алексей Бородавкин.

Пікірлер