Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық деңгейде іс-шара өтті

3103
Adyrna.kz Telegram

Отызыншы қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің 1-курс магистранттары мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1-2 курс магистранттарының бірлескен «Корпоративті мәдениеттің психологиялық аспектілері және эгоизм психологиясы»   атты тақырыбында ашық семинар сабағы өтті.

Іс шараны ұйымдастырушы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы С.Қ. Бердібаева.

Бұл іс-шара он-лайын және оф-лайн форматта өткізілді.

Семинар сабағына шетелдік және Қазақстандық ғалымдар қатысты, атап айтқанда, Германиядан «Reinhardshöhe» оңалту клиникасының клиникалық психологы, Phd докторы   Гарбер Алена, Индонезия елінен Марзоэки Махди атындағы психиатриялық ауруханасының психиатры Prasetiyawan Dayat, Ресейдің Самара  Мемлекеттік Әлеуметтік-Педогогикалық университетінің доценті Иванов Д. В. және Қырғызстанның Жүсіп Баласағұн атындағы Ұлттық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы, Камчыбекуулу Мырзабек.

Сонымен қатар, Т. Жүргенов Қазақ Ұлттық Өөнер Академиясының  оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының   докторы, профессор Амирбеков Ш. А., осы Академияның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының меңгерушісі, доцент Алимжанова А., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доцент Аяганова А.,  Е.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетің  доценті  Байжуманова Б.Ш., Алихан Бөкейхан университетінің аға оқытушысы Абдуллина Г. К., М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқытушылары  Сахиева Ф., Дуанева С.  қатысып өз ойларымен бөлісті

Іс-шара барысында Басқару психологиясы пәні аясында қарастырылатын корпоративті мәдениеттің психологиялық аспектілері және эгоизм психологиясы туралы магистранттар өздерінің авторлық презентацияларын ұсынып, сәтті қорғап шықты.

Екі жоғарғы оқу орнының магистранттарының  авторлық жобаларында  өздері түсірген  әлеуметтік-писхологялық видеолары, жүргізілген интервьюлері, зерттеу бағдарламалары өте тартымды болды және аудитория үшін беретін  танымдық ақпараттық  мазмұны басқару жүйесіндегі  психологиялық  маңыздылықты көрсете білді.

Іс-шара аяғында  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының  магистранттарының  өз өнерлерін көрсетуімен аяқталды.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1-курс магистранты
Оспаганбетова Мөлдір

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер