ABAI NEWS telegram-каналы таратқан хабарға қарағанда, жас отбасы баласын ата-әжесіне тастап кеткен. Кейін үйдің үлкендері немересін ертіп, қонаққа барған. Аяз күшіне мінген сәтте бірінші болып әйел адам сыртқа бет алған, одан кейін ақсақал мен кішкентай немересі оның ізін ала шыққан. Белгілі болғандай, оларды аяз қарып, қытымыр қыстың ақ қар, көк мұзында біртіндеп денесін суық дендеп, қатып қалған. Қатты тоңған бала айқайлаған, өкінішке қарай, ұзаққа дауысы жетпей, ешкім көмекке келмеген.
- Таңертең денелері табылды. Апасы ауылдан 50 метр жерде жатты. Атасы мен немересі 100 метр жерден табылды. Қазір туыстары олар мінген автокөліктің иесін іздеп жатыр. Қатты аязда жүргізуші оларды не үшін жолдан түсіріп кеткенін анықтау керек, - дейді марқұмдардың туысы.
Қазір "Zakon.kz"-тің жазуынша, Жарма аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растады. Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өтті.
Ұжым атынан қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз. "Адырна" қақаған қыстың көзі қырауда өзіңізге және жақындарыңызға қормал болуды өтінеді.
"Адырна" ұлттық порталы