“Күнде 85-ке келіп жатқан жоқ”: Рамазан Стамғазы Нұрғали Нүсіпжановтың қазірі жағдайы туралы айтты

3519
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың ауруханаға түсіп қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін әншінің жағдайы жақсарғаны туралы әнші Рамазан Стамғазы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

”Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. Аға ауырып қалды деп жатыр, қалыңыз қалай,аман-есенсізбе деп? Бір аунап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман деп біраз әңгімелестік. Шүкір, кәзіргі жағдайы жаман емес, сахнаға шығуға,ән салуға шамасы жетіп-ақ тұр. Іштегі бір өкініш 85- жасқа келгенде, жоғардағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім…. Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дұркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп менде ойланып қалдым. Қазақ өнерінің қара нары,бүткіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап орыр? Мәдениет Министірі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқпа….Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш қуат берсін! Жасай беріңіз Нұр аға 90-100 ге келген тойыңызды амандық болса көруге жазсын!”,- деді әнші.

Пікірлер