Бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен жігіт табылды

3263
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жас жігітті туыстары бір жылға жуық іздеген. 21 қаңтарда күндізгі уақытта жігіт үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Полицияға жоғалған інісі туралы оның әпкесі хабарлаған.

Жас жігітті іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың болуы мүмкін жерлерді зерттеп, оны соңғы рет көрген адамдарға сұрау салған. Қолданылған шаралар нәтижесінде елорда тұрғыны Қостанай қаласынан табылды. Онда ол аспазшы болып жұмыс істегені және жалдамалы пәтерде тұрғаны белгілі болды.

Жас жігіт құмар ойынынан ақша ұтылып, қарыз болып қалғандықтан, үйден кетіп қалғанын түсіндірді. Жігіттің үйінен бірінші рет кетіп қалмағаны және ойын ойнауға құмар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта жігіт туыстарының жанында.

Табылған жігіттің туыстары Алматы ауданының полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Жедел уәкілдер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Полиция қызметкерлері менің бауырымды іздеп, тауып берді», – деп алғысын білдірді жігіттің ағасы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер