“Азаматтық алғысы келгендердің ана тілімізді білуі - міндет” - министр Марат Ахметжанов

2817
Adyrna.kz Telegram

Енді Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, тарих пен ата-заңды білу міндетті. Бұл жайлы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біріншіден, Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білу міндетті болмақ. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр. Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаты бар қандай да бір адам басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі ол адамды біздің азаматтықтан айырады. Сонымен бірге, адам азаматтықты алғаннан кейін алты ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтатқаны туралы анықтама ұсынбаса, ондай адамдар да бұдан былай Қазақстан азаматы болмайды. Қазіргі заңнамада мұндай шаралар қарастырылмаған еді», - деді министр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер