"Екібастұзда зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіледі"- Қошанов

1639
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек көрсетілетінін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Екібастұздағы төтенше жағдай күллі қазақстандықтарды алаңдатуда. Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты. Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді", - деп жазды Қошанов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket