Бұрынғы кландарды байлықтың "қара қазанынан" айыратын уақыт келді! - Жаңбыршин

12967
Adyrna.kz Telegram

"Бұрынғы кландарды байлықтың "қара қазаныан" айыратын уақыт келді". Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне қатыстым. Процесс бұрынғылардан өзгеше өтті және солай өткені де дұрыс болды. Бірінші помпезность аздау болды. Екінші Қ. Тоқаев жиналған халықты шулатып зал ортасынан емес, қарапайым түрде қапталдағы есіктен кірді. Үшінші мойнына жылтырақ таққан жоқ. Төртінші баяндамасы қысқа және нақты болды. Бесінші, ең бастысы, ұлықтау аяқталғасын "ескі гвардиямен" амандаспай, құшақтаспай, селфи жасамай, "Ал, енді жұмыс жасайық" - дегендей ишара білдіріп, залдан қарапайым түрде шығып кетті. Құдай да: "Ей, қазақ халқы! Ойын-сауықты азайтып, ыржың-тыржыңды тоқтатып, байлықты тонауды қойып, жетім-жесірді қорғайтын, еліңді дамытатын, мемлекетіңді аяғынан тұрғызатын уақыт келді! Болмаса мына аяздай қаһарымды сендерге жіберемін!" - дегендей Астана да аязды сықырлатып қойды! Уа, ағайын! Өтірікті қойып, жебірлер мен жемқорларды тыйып, бұрынғы кландарды байлықтың "қара қазанынан" айырып, мемлекет басшысымен бірлесіп, ақиқатты айтып, Отан үшін жұмыс жасайтын уақыт келді. Бізде басқа жол қалған жоқ!", - деп жазды депутат.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket