Тоқаевты ұлықтау рәсіміне басқа елдердің президенттері келмейді

2556
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко президентті ұлықтау рәсіміне шетел өкілі ретінде кімдердің шақырылатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 қарашада Қазақстан халқына ант беретіні хабарланған еді.

Вице-министрдің айтуынша, инаугурацияға қабылдаушы елде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері, яғни елшілер шақырылады. Дәл осындай тәртіп 2019 жылы өткен инаугурацияда болған.

Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаражат бөлініп отырған жоқ. Бұл туралы жақында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқан еді.

«Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», –  деген еді сол кезде Е. Жамаубаев.

Пікірлер