Алматыда рұқсат етілмеген митингке шыққандар ұсталды

2127
Adyrna.kz Telegram
фото: vlast.kz
фото: vlast.kz

Кезектен тыс Президенттік сайлау кезінде Алматыда тіркелмеген Демократиялық партияның белсенділері митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Абай ескерткішінің түбіне рұқсат етілмеген шараға шыққандарды полиция бірден бөлімшелерге алып кеткен.

“Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жолын кесу үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдады. Рұқсат етілмеген әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар ішкі істер органдарына жеткізіліп отырды. Олардың кейбіреулері азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актінің, сот үкімінің минимумы және рұқсат ету туралы талаптары ескеріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылса, кейбірі профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды”, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері жөнсіз күш қолданбай, заңға сәйкес әрекет еткен.

«Тәртіп сақшылары азаматтармен қарым-қатынас кезінде өзін барынша дұрыс ұстады. Құқық бұзушыларды бөлімшелерге жеткізу кезінде арнайы құралдар қолданылмады», - деді Салтанат Әзірбек.

Пікірлер