Өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды

4439
Adyrna.kz Telegram

Астанада көп қабатты үйден шыққан өрттен үш адамды құтқарып алған Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған еді.

Өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды ажалдан арашалап алған, батыр азамат Мемлекет басшысының жарлығымен бірінші дәрежелі Айбын орденімен марапатталды. Сонымен қатар, оның отбасына пәтер сыйланған болатын.

Айта кетейік, 16 қараша күні Астанадағы Момышұлы даңғылында 15 қабатты үйде өрт шығып, өрт сөндірушілер өз өмірін қатерге тігіп, бес адамды аман алып шығарған болатын.

Асқардың отбасы мен жақындарына “Адырна” ұжымы қайғыра көңіл айтады! Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер