Қазақстанда коронавирус індеті қайтадан күш алып келеді

3653
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/2022_10_12_yu.jpg
Қазақстанда бір тәулік ішінде 94 адамнан коронавирус анықталды. Науқастар жайлы деректерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Бұл турасында "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
18 қарашада елімізде КВИ-ге шалдыққан 83 науқас және пневмония белгілері бар алты адам анықталды. Екі күн ішінде 72 адамның бойынан коронавирус инфекция анықталған еді. 19 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 786 адам коронавирус инфекциясынан (–615+ және 171 КВИ-) айығу үшін ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 112-сі стационарда, 674 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 адамның жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии