8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

1726

8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресей Федерациясында ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 қарашада Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының іздестіру тапсырмасымен Орловск облысы бойынша Ресей Федерациясы ІІМ-нің Новосильск бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматшасын ұстады. Әйел алаяқтық қылмыс жасады деген айыппен іздеуде болды. Ол 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеге жәбірленушіге банкте кепілде тұрған Мұнайлы ауданы мекенжайы бойынша жер учаскесін сатқан. Сондай-ақ осы жылдың маусым айында өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, жәбірленушіге Мұнайлы ауданындағы жер учаскесін жалған құжаттармен 4,5 млн теңгеге  берген.

Жалпы күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен 74 жәбірленуші зардап шекті, келтірілген материалдық шығын 50 миллион теңгеден асты. Полиция қызметкерлері күдікті 71 жастағы азаматшаны Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket