Италиядағы сұлулық байқауының жеңімпазы дзюдодан ел чемпионы атанды

1218

Италиядағы сұлулық байқауының жеңімпазы атанған қазақ қызы, астаналық Әйгерім Әбілқадырова дзюдодан Атырауда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әйгерім 52 келі салмақта топ жарды. Ол финалда Ақмола облысының өкілі Толғанай Әбеуовадан басым түскен. Бұл – Әйгерім Әбілқадырованың Қазақстан чемпионатында жеңіп алған 12-алтыны.

Дзюдошы қыздың сұлулық әлеміндегі жетістіктері де аз емес. Ол биыл Италияда өткен «Miss Europe Continental-2022» байқауында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ, Әйгерім Әбілқадырова –  грепплингтен әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы.

Осыдан екі жыл бұрын жарақат алып, үлкен спорттан алыстаған дзюдошы татамиге ірі жеңіспен оралып отыр.

Айта кетейік, 52 келі салмақ дәрежесіндегі қола медальды маңғыстаулық Гүлдана Алмұханбетова еншіледі.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket