Түркияда тағы да жарылыс болды

2491
Adyrna.kz Telegram
Фото: fakty.com.ua
Фото: fakty.com.ua

Түркиядағы Стамбулдың Фатих ауданында жарылыс болды, жалын үш көлікті шарпыды. Бұл туралы Түркиядағы жергілікті БАҚ жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Стамбулдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктен тараған жалын тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Бейнежазбалардан өрт кезінде күркіреген жарылыстардың дыбысы естілді», - деп жазады Haberturk порталы.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.

Еске салсақ, өткен аптада Стамбулдың орталығындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болып, алты адам қаза тапқан, 81 адам зардап шеккен болатын.

 

Пікірлер