Полина Гагаринаның Алматыдағы концерті өтпейтін болды

2479
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар, қазақы түсініктегі азаматтар, Ресейдің танымал әншісі Полина Гагаринаның Алматыда концертін өткізуге қарсылық танытқан еді. Белгіленген мерзімде әншінің концерті болмай қалды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "NewTimes.kz"-ке сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Ресейдің басқынышылық әрекетін ашық қолдап, дарыны мен қабілетін саясиландырған әншінің кеші 14 қараша күні "Almaty Arena"-да өтуі тиіс еді. Билет құны да cегіз мың теңгеден басталған.

Кейіннен әлеуметтік желі белсенділері ресейлік әншілердің концертін елімізде өткізуді доғаруды талап ете бастады.

Асыл Тұрғаев атты фейсбук қолданушысы Полина Гагарина командасының өкілімен байланысып, хат алмасқан жазбасын желіде бөлісті. Онда Полина Гагаринаның Алматы жұртшылығына беретін концертінің өтпейтіні хабарланады.

Қазақстандағы танымал сервистерде әлі күнге дейін концерт хабарландыруы менмұндалап тұр. Бірақ оған билет сатып алуға қатысты еш деректер жоқ. Билет жайлы ақпарат Полина Гагаринаның ресми сайтында да көрсетілмеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер