Алматыда «Oyan, Qazaqstan!» белсенділері Назарбаев даңғылын «Қаңтар» деп өзгертуді талап етті

2177
Adyrna.kz Telegram
фото: vlast.kz
фото: vlast.kz

Алматыда «Oyan, Qazaqstan!» белсенділері Назарбаев даңғылын «Қаңтар» деп өзгертуді талап етті. Бұл туралы Vlast.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олар бұл көшенің қанды диктатордың есімімен аталғанына наразы.

«Егер билік өзгерте алмаса, өзіміз істейміз» деп атап өтті белсенділер.

Белсенділердің айтуынша, халықтың қаны төгілген Алматының басты көшесі «Қаңтар» деп аталуы қажет.

«Қанды Қаңтарға әкелген басты себеп — қанішер Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жыл бойы елді тонап, қарсы шыққандарды басып-жаншығаны. Дәл Тоқаев сияқты, Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанда Жаңаөзендегі мұнайшыларды атуға бұйрық берді. Бұл көшенің қанішер мен диктатордың атымен аталуына қарсымыз», - деді журналист, белсенді Әсем Жәпішова.

Алайда, полиция белсенділер ілген жазуды алып тастады.

Пікірлер