Қытай Қазақстаннан келетін жолаушылар үшін талапты өзгертті

2741
Adyrna.kz Telegram
Фото: deita.ru
Фото: deita.ru
Қытай Қазақстаннан келетін жолаушылар үшін талапты өзгертті. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Эпидемияны қадағалау мақсатында Қытай елшілігі мен Қазақстандағы бас консулдық "HS" немесе "HDC" денсаулық кодын алу талаптарын енгізеді", - делінген хабарламада.
"Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы өтінішті өңдегеннен кейін жолаушыға "денсаулықтың жасыл коды" беріледі. Ұшуға тіркелу кезінде мобильді қосымша арқылы ашылған "денсаулық жасыл кодын" авиакомпания қызметкеріне көрсетіп, оны тексертесіз", - делінген елшілік хабарламасында.
Қазақстаннан ұшып шыққан және үшінші ел арқылы транзитпен өтетін жолаушылар немесе үшінші елден шығып, Қазақстан арқылы Қытайға транзитпен өтетін жолаушылар ПТР-сынамадан өтіп, "жасыл кодты" алу үшін кез келген транзиттік немесе жөнелту пункттеріне өтініш бере алады. Жолаушылар "денсаулық кодының" жарамды немесе жарамсыз екенін Қытайға ұшпай тұрып тексеріп алуы керек.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер