Нағашыбек Қапалбекұлы шығармалары негізінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

413

3 қарашада 2022 жылы «Тұран» университетінде Нағашыбек Қапалбекұлы шығармалары негізінде академиялық ізденістер: «Ғылыми өзектіліктен ғылыми бағытқа өтудің мәселері» атты ІІ Халықаралық  ғылыми – практикалық конференция өтті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Конференция Zoom онлайн-офлайн форматында жүргізілді. Конференция мақсаты бойынша Нағашыбек Қапалбекұлының шығармалары негізінде  академиялық ізденістер мен пәнаралық байланысты қалыптастыру талқыланды. Автордың «Кек» романы мен «Дос жүрегі» кітаптарының насихатталуымен пәнаралық байланыстардың тың үлгілері қорғалды. Түркия, Қыршекир Ахи Эвран университеті, «Түрік тілі» кафедрасы PhD,  филология ғылымдарының докторы Осман Қабадайы мырза өз сөзінде түрік тіліне кітаптың аударылуын, студенттерге кітап оқу дағдысын қалыптастырып, рухани бай болуға шақырды. Баку, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Низами Гянджави атындағы Әдебиет институтының Түркі халықтары әдебиеті бөлімінің филология ғылымдарының докторы Хумматова Хураман Бахман- қызы Нағашыбек Қапалбекұлының  зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Кек» тарихи романының ақпараттық деректері кез-келген мамандықта оқитын студенттерге патриоттық күш беріп, ізденістердің көзіне айналатындығын айтты. «Дос жүрегі» кітабы бойынша адамгершілік құндылықтарды психологиямен, философиямен,экономикамен, сурет өнерімен байланысын тапқан «Тұран» университетінің студенттеріне ризашылығын білдірді.

Атап айтқанда, журналистика мамандығының 2-курс студенті Болатбек Еңлік: Өмір-дерек Нағашыбек Қапалбекұлы; журналистика мамандығының 2-курс студенті Нұрахметова Сағыныш  «Нағашыбек Қапалбекұлының «Кек» романы бойынша Омарбек батыр жүрген жерлерден тарихи-деректі ақпараттардың маңыздылығы; Қашықтықтан оқу бөлімі «Аударма ісі» мамандығы 1- курс студенті Бейбіт Айзада: Ақпараттың есте сақталуы мен қабылдануына қатысымы: таңбалық жүйелер мен көркем сурет (Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» шығармасы бойынша). Психология мамандығының 1-курс студент Толегенова Мерей: Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» шығармасы негізінде ғылыми зерттеу тақырыптарының маңыздылығы туралы таныстырып, көпшіліктің назарын биыл жазылатын тың ғылыми эсселердің тақырыптарымен таныстырды.

Астана, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» зертханасының меңгерушісі Айман Ақтан жазушы шығармашылығының көркемдігін психолингвистика, этнолингвистика, когнетивтілингвистика  салаларында көрініс тапқан адамгершілік құндылықтарды жаңа қырынан тануға шақырды. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы өмірдің заңдылықтарын отбасылық құндылықтардағы әке тәрбиесінің биіктігін дін тұрғысынан құрметпен таныған өзектілік ешқашан мәнін жоғалтпайтын тақырыптар екендігін баса айтады. "Тұран" университеті "Психология" кафедрасының профессоры психология ғылымының кандидаты Қасымжанова Анаргүл Алиакпаровна  психология саласындағы  ғылыми  жұмыстардың ерекшеліктерінде осындай тың сұрақтардың терең болуы маңызды екендігін айтып өтті.

Осындай жиында  Нағашыбек Қапалбекұлының «Кек» романы бойынша ф.ғ.к.,доцент Г.Х.Тулекованың ғылыми жетекшілігімен жарық көрген кітабының тұсаукесері болды.

Сұхбат барысында  студенттердің қызық сұрақтары Нағашыбек Қапалбекұлының жан дүниесін қозғады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, Әсет Құранбек Абайұлы «Тұран» университеті студенттерінің жаңашылдыққа құмар, ынталы әр түрлі мамандықта оқитын студенттердің бойындағы ізденістеріне, конференцияның авторы Гүлжан Қажымұратқызына ерекше ықылас танытты. Челлендж деп қабылдаған осындай іс -шара Түркияда, ҚазМҰУ- да жалғасын табады деп сөзін аяқтады  Тулекова Гүлжан Хажымұратқызы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket