Тараз қаласының әкімі: "1 миллион 80 мың теңге жалақы аламын" (ВИДЕО)

3042
Adyrna.kz Telegram

Қыркүйек айынан бастап Тараз қаласының әкімі қызметіне кіріскен Бақытжан Әмірбекұлы қанша жалақы алатынын айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Қала әкімі ретінде 1 миллион 80 мың теңге жалақы аламын. Салықтарды шегергенде 890 мың теңге. Таразда білікті дәрігерлер орта есеппен 300-ден 500 мыңға дейін алады. Бүгінде қаламызда орташа жалақы 180-220 мың теңге шамасында", - деп атап өтті Тараз қаласының әкімі.

Журналист әкімге: "Бірақ маған 70-100 мың теңге аламыз деп айтты ғой".

"Олар сізге ең төменгі жалақы туралы айтып жатыр. Ал біз орташа жалақы туралы айтып отырмыз", - деп түсіндірді әкім.

Журналист әкімге: Мұндай алшақтыққа қалай қарайсыз? Мұнда қала әкімі 1 миллион, ал халық 150 мың теңге алады?

"Сіз 70-90 мың туралы айттыңыз. Айта кетуіміз керек, бұл жоғары біліктілікті талап етілмейтін лауазымдар. Мен сізге айтайын, бүгінгі күні жоғары біліктілік талап етілетін жағдайда нарықтағы жарнамаларды қарасаңыз, білікті мамандар жеткілікті жоғары жалақы алады", - деді әкім.

Пікірлер