"Қос азаматтыққа жаппай тексеру өткізу қажет": Мәсімов Венгрия азаматы болып шықты

3386
Adyrna.kz Telegram

Қазір қамауда жатқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Венгрия азаматы болып шықты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Венгрия премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінде Венгрия азаматтығы болғанын растап отыр.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров бұл мәселе бойынша ресми органдарға сауал жолдайтынын жеткізді.

"К. Мәсімовтың "Венгрия азаматтығы болған" деседі. Бұл фактіні "Венгрия Премьер Министрі В.Орбант растаған" деген ақпарат бар. Жоғары лауазым иелері-министрлер, әкімдер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын "қос азаматтылық фактілері" бойынша тексеруден өткізу қажет. Елімізде, жалпы "қос азаматтылыққа" қатысты жаппай тексеру өткізу өте маңызды. Бұл жөнінде ресми орындарға сауал жолдайтын боламын", - деп жазды Ерлан Саиров.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер