"Бір қолында руль, бір қолында сәби": 5 айлық нәрестесімен такси жүргізген жалғызбасты ана (ВИДЕО)

2669
Adyrna.kz Telegram

5 айлық нәрестесімен бірге такси жүргізіп жүрген жалғызбасты ана халықты таңғалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Мен такси шақырдым. Басына орамал таққан жас «келіншек» келді. Алдыңғы орындықта сәби отыр екен. Мен бұрын мұндайды ешқашан көрген емеспін. 5 минуттан кейін нәресте жылай бастады.  Шошып кеттім. Әйел мүлдем абыржымады. Бір қолымен рульді ұстаса, екінші қолымен баланы көтеріп, емізе бастады. Көп ұзамай ол тынышталды. Үнсіз отыруға шыдамым жетпеді, жөнсіз болса да жүргізуші келіншекке сұрақтар қоя бастадым. Ол жесір әйел болып шықты. Күйеуі жақында қайтыс болған. Баласы 5 айлық. Таңғы 7-ден бастап таксилетіп, түскі астан соң қайта жұмысқа шығады екен» - деп жазды видео авторы өз парақшасында.

Елордалық полиция департаменті де бұл фактіге қатысты түсініктеме беріп үлгерді.

«Онымен балаларды тасымалдау талаптарының бұзылуы туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар, Астана қалалық Полиция департаменті мамандандырылған батальонының қызметкерлері әйелге балаларға арналған автокреслоны сыйға тартты.

Пікірлер