"Тезірек сауығып, ортамызға оралыңыз!": Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына саулық тіледі

2048
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.

– Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер