Алматы қаласы: Жетісу ауданында 160 орындық балабақшаның іргетасы қаланып басталды

1939
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы негізінде Алматы қаласының Жетісу ауданында  160 орынға арналған су жаңа балабақшаның іргетасы қаланып басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Есеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін алты жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтуды тапсырды.

Осы пәрменнің аясында Алматы маңында мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы қарқын алуда.  Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досеав Жетісу ауданының тұрғындарымен өткізген кездесуінде айтқан еді.

Бүгінгі таңда Жетісу ауданындағы 2 балабақшаға орын тапшылығын қысқарту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында 440 орындық 2 балабақшаның құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары жүргізілуде. «Айнабұлақ-4» шағынауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысы келесі жылдың маусым айында аяқталады. Осы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта 280 орындық балабақшаны күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау желтоқсанда аяқталып, құрылысы 2023 жылдың I тоқсанында басталады. Бұл мектепке дейінгі мекемеге Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінде тұратын балалар бара алады», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Пікірлер