Мұғалімнен екеуден артық құжат талап еткен директорлар жазаланады – Аймағамбетов

4196

Мұғалімдерден екі құжаттан артық талап еткен мектеп басшылығы жауапқа тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында айтты, деп хабарлады “Адырна” тілшісі.

Министрдің айтуынша, мұғалім күніне тек екі құжатты толтыруы керек: баланың бағасын қоятын электронды журнал және екінші – мұғалімнің күнделікті оқу жоспары.

“Болды, басқа ешқандай қосымша құжат болмауы тиіс. Бұдан артық құжатты талап ету – заңбұзушылық. Бұл үшін біз жауапкершілікті қарастырдық. Қатаң жауапкершілік бар. Жалпы, біз қазір заңнамаға өзгеріс енгіздік. Енді директордың аттестациясы, ротациясы, оны тағайындау кезінде біз арнайы базадан осы басшының мұғалімдердің құқығын бұзу мәселелері тіркелді ме, тіркелмеді ме, сол ақпаратты қарайтын боламыз. Яғни, біздің әріптесіміз осы заңнаманы бұзған болса, онда ол тек қана әкімшілік жауапкершілікке тартылып қана қоймайды. Ертең басқа жұмысқа ауысқанда немесе аттестациядан өткен кезде бұл мәселе ерекше қаралатын болады. Осыны да естеріңізде сақтаңыздар”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр қабылданған заңнама мұғалімдердің құқығын бұзу мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік бергенін атап өтіп, бұдан былай оны толығымен жоюға әрекет ету қажеттігін жеткізді.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket