«Ақсу» үмітті ақтады

5086
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық футбол қайта жанданды. Биыл Қазақстанның Премьер-лигасында алғашқы маусымын өткізген «Ақсу» футбол клубы жданкүйерлер үмітін ақтап, алтыншы орынға тұрақтады. 

Бірер жыл бұрын Қазақстан футболындағы аты аңызға айналған «Ертіс» командасы жылдар бойы қордаланған қарызы салдарынан банкротқа ұшыраған еді. Бұл шешім сол кезде Павлодар облысы әкімі қызметіне жаңа тағайындалған Әбілқайыр Сқақовқа оңай соқпаған еді. Амал жоқ, қарызға белшесінен батқан футбол клубының жұмысын тоқтатуға тура келді. Жанкүйерлер тарапынан біраз сын да айтылған еді.

«Ертістің» орынын «Ақсу» футбол командасы басты. Оның денін павлодарлық футбол мектебінің түлектері құрады. Жергілікті аяқ доп шеберлері үмітті ақтады. Былтыр бірінші лиганың чемпиондары атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Ал биыл жоғарғы лигадағы алғашқы маусымында-ақкіл мықтылардың арасында алтыншы орынға тұрақтады.

Жанкүйерлердің павлодарлық футболдың болашағына деген сенімі қайта оянды. Жұртшылық «Ақсу» сапында жергілікті спортшылардың доп теуіп, тәжірибе жинап жүргеніне қуанады.

Маусым аяқтала салысымен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов футболшыларға жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Міне, «Ақсудың» Қазақстанның Премьер-лигасындағы дебютінің куәсі болдық. Бұл маусым оңайға соққан жоқ. Жарқын, тіпті, сенсациялық жеңістер де, жеңілістер де болды. Барлығынан сабақ алдық. Бірақ, ең бастысы, футболшыларымыз ештеңеге қарамастан алға ұмтылды. Мақсат, жастық жалын мен тәжірибе ұштасқан павлодарлық футболды паш ету. Мақсат орындалды. Бұл біздің Премьер-лигадағы алғашқы қадамымыз екенін ескерсек, алтыншы орын жақсы нәтиже деп есептеймін. Әрбір ойыншыншыға, бапкерлік құрамға, клуб басшылығына қажырлы еңбек, жарқын сәттер үшін алғысымды білдіремін! Келесі маусымда табыс тілеймін», – деді облыс әкімі.

Пікірлер