Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында  800 млн теңгенің жобасы жүзеге асты

2478
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында  «халық қатысатын бюджет» табысты енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Жолдауда: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту –басым бағыттың бірі. «Халық қатысатын бюджет» орталыққа бағынатын қалалар мен облыс орталықтарына табысты енгізілді. Азаматтардың нақты сұранысына сәйкес ондаған абаттандыру жобасы жүзеге асырылды. Бұл – жақсы тәжірибе. Енді абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесті 10 есе арттыру керек»,-деген болатын.

 Бұл бағыттағы жұмыстар Алдматы қаласына қарасыт алмалы ауданында да атқарылып келеді. Бұл туралы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде мәлімдеді.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Алмалы ауданында 800 млн. теңге сомасына 39 жоба 100% орындалды.

Оның айтуынша, автосуғару жүйесімен жабдықтау жұмыстары аяқталды. «АРО», «АЗТМ» 2 сквері, сондай-ақ Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін, Гагарин, Байтұрсынов көшесінен Шәріпов көшесіне дейін, Бөгенбай батыр және Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін, Қарасай батыр көшелеріндегі бульварлар кешенді түрде көгалдандырылды.

Сондай-ақ 8 қоғамдық және 21 аула орындары абаттандырылды. 1 спорт және 1 балалар алаңы, 1 иттерді серуендетуге арналған алаң, 3 көмілген қоқыс алаңы салынды,

2 алаңның резеңке жабыны жаңартылды және 21 аула жөнделді.

"2023 жылға дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 171 ұсыныстың ішінен 800 млн. теңге сомасына 18 жоба алдын ала іріктеп алынды", - деді қала әкімі баяндамасында.

Пікірлер