Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі өмірден озды

21303
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы  Қайрат Беркінбаевтың өмірден өткені туралы суыр хабар тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Суыт хабарды продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін біз жақын досымыз Беркенбаев Қайрат Шерәліұлынан айырылдық. Жүрегі тоқтап қалды. Ең жақын досым әрі әріптесім – Ләйлә Сұлтанқызына көңіл айтамын. Бекем бол, досым. Жақсы адам, күйеу, әке және дос болып еді, жаны Жәннатта болсын", – деп жазды Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасына.

Қайғылы қазаға экономист, блогер Дәулет Мұқаев те көңіл айтты.

"Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын. Жаныңыз жәннатта болсын!

Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды Дәулет Мұқаев.

Қайрат Беркінбаев – кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті. 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған.

Ләйлә Сұлтанқызы  Sputnik Қазақстан  порталына берген сұхбатында жолдасы жайлы:
"Мен тұрмысқа шыққан кезде күйеуім ажырасқан болатын. Маған дейін оның екі некесі болған. Бұл туралы бұған дейін де айтқанмын, жасырмадым. Бұл – тағдыр. Тұрмысқа шыққан кезде күйеуімнің алдыңғы некеден балалары болды. Кіші қызы 5 жаста, үлкен ұлдары жасөспірім болды. Балалардың жанына жарақат салмау үшін менің қоғамдық өмірімде көрсетпейтін болып келістік. Бұл дұрыс шешім болатын. Балалар өсті, олармен жақсы араласамыз, құда-құдағидың барлығын танимын", - деген еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер