"Су тегін" киімге таласқан тұрғындар бірін-бірі таптауға шақ қалды

2864
Adyrna.kz Telegram

Шымкент тұрғындары спорт дүкені ұйымдастырған жеңілдік науқанында жаға ұстатар жағдайға тап болды. Дүкен алдында жиналған қауым бірін-бірі төпеп, анталай алдыңғы есікке ұмтылған. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды.   

Ұлттық ақпарат айдынында Шымкенттік тұтынушылардың әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр. Тұрғындар спорт дүкені ұйымдастырған акциядан қалыс қалмауға тырысып, дүкен алдын азан-қазан қылды.

Нәтижесінде Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесінің бойындағы спорт дүкені иесіне айыппұл салынды. Бұл жайлы полиция қызметкері Салтанат Қаракөзова хабарлады.

"Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Нәтижесінде мекеме ашыларда  қысым болды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда Еңбекші РУП полицейлері иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Қаракөзова.

Бұған қатысты қоғам белсенділері де пікір білдіріп жатыр. Желі қолданушысы Сәбит Рысбаев болған жайтқа қатысты былай деді:

 

- Арзан, тегін десе, вагон кезеккке тұратын болдық қой. Шымкент қаласындағы киім дүкенінде кезекке тұрған халық дейді. Былай қарасан бәрінің киімі бар. Жалаңаш ешкім жоқ. Біз шынымен ашпыз ба?..

Естеріңізге сала кетейік, "Адырна" ұлттық порталы бұған дейін де Ресейдің Ижевск қаласында тегін таратылған қарбызға таласып, бірінің үстінен бірі таптаған тұрғандар жайлы жазған еді.  Оған оқырман қауымның көп бөлігі "тегін, арзан таратылған дүниеге таластың ұлт, ұлыс талғамайтынын" жазған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер